• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:16:43
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай игі бастамалардың бірі – Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін,  «Кітап – асыл қазына» атты облыстық байқауы.

Байқау биыл үшінші мәрте өткізіліп отыр. Осы байқау арқылы студенттер және ересек тұрғындар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, облыс тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру және үздік көркем әдеби шығамаларды кеңінен насихаттау, кітап оқуға ниеттенгендердің талпынысы мен ерік-жігерін шыңдау біздің басты мақсатымыз.

Биылғы жылғы байқаудың өзгешелігі байқау телерграмм жүйесі арқылы өтті, қатысуышлар электронды түрде тіркеліп, оқыған әдеби кітаптары бойынша дайындалған  тесттен өтіп, жинаған баллдарының негізінде байқау жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздардың алған ең жоғарғы баллы - 99 болды. Байқаудың қорытындысы бойынша белсенділік танытқан жеңімпаздар марапатталды.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты марапатқа осы байқаудың демеушісі Айнұр Аралбайқызы қатысып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. Айнұр Аралбайқызы - ұлттық құндылық, салт-дәстүрді, ынтымақ-бірлікті насихаттау бағытында орасан зор қызмет атқарып жүрген жандардың бірі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір